Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 шiлде, 03:35

Бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясы өтті

08.07.2025

17

0

      Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясы өтті.

       Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағашжаршысы» газетінің тілшісі  Е.Созақбаев қатысты.

      Шара барысында аудандық сот  төрағасыА.Мизанбаев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

      Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 550  іс қаралып, аяқталған.

Оның ішінде, азаматтық-281,  әкімшілік іс-3  қылмыстық-28, әкімшілік құқық бұзушылық -238.

       Аяқталған 281 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-41,  шешім-159, тоқтатылған іс саны-67, қараусыз қалдырылған-13, басқа соттың қарауына жолданғаны -1. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-64, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 54 іс.

      Азаматтық істер бойынша ең көп қаралғандары:

     Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы талаптар бойынша-28.

     Даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру) бойынша-173.

     Неке бұзу талап қоюлар бойынша-11.

     Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-12.

     Заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар бойынша-20.

      Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-28), үкім шығару арқылы-7 іс, тоқтатылған-6, (медиация тәртібімен татуласқан-0), соттылығы бойынша жолданған-15, сотталған адам саны-10.

      Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-2,  бас бостандығын шектеу-4,
бас бостандығынан айыру-1, айыппұл-0, шартты жаза тағайындалғандары-3.

      Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Жеңіл санаттағы қылмыс-4, ауырлығы орташа қылмыс-2, ауыр қылмыс-2, теріс қылық санатындағы қылмыс-5.

      Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-0 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-0 іс, ҚР ҚК   187 бап, ұсақ-түйек жымқыру-0 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында  іс. ҚК 190 бабы Алаяқтық-, 11 іс түскен оның ішінде 3 іс үкім шығарумен аяқталса 3 іс қысқартылған 5 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған.

       Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 240 іс түскен, аяқталғаны 238,             2 іс  екінші жарты жылдыққа қалдыққа қалған, жаза тағайындалғаны-190, тоқтатылғаны-47, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-9. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-96, ескерту-9, қамаққа алу-67, көлік құралын басқару құқығынан айыру-1, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -11   адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-51 іс қаралған.

        Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: