«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Аталған отырыста «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» және Жалағаш кентіндегі Ақтерек -170 га учаскесіндегі су ұңғымалары және су жинау тарату кешені құрылысы туралы мәселелер қаралды.
Алдымен Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына енгізілген жаңа мүшелері таныстырылды. Аталған кеңестердің құрамына Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия ардагерлері, белсенді партия партияластармен толықтырылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бас маманы Байымбет Нұрлан кентіндегі Ақтерек -170 га учаскесіндегі су ұңғымалары және су жинау тарату кешені құрылысы туралы хабарлама жасады. Аталған құрылыс ағымдағы жылдың 25 мамырға дейін толық аяқталып, халық игілігіне берілетіндігін жеткізді. Атап кетер болсақ, аталған құрылыс жүргізіліп жатқан аумаққа партиялық бекет орналастырылған.
Жалпы білім беру ұйымдарының санитариялық-техникалық, гигиеналық, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ішкі дәретханалармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Жалағаш аудандықсанитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жалғасова Гүлжазира хабарламасында санитарлық тазалыққа байланысты бірқатар атқарылған жұмыстарды атап өтті. Аталған мекеменің ауданға қарасты білім ордаларында жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді қалыпқа келтіру мақсатында әдістемелік түсініктер жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырылған.
Бүгінгі отырыстың нәтижесі бойынша мектептердегі ішкі әжетхана, қол кептіргіш құрылғы, асханалардың санитарлық тазалығы, мектепте лас су жинайтын шұңқырлар, оқу кабинеттеріндегі күйген шамдарды уақытылы ауыстыру бойынша бірқатар ұсыныстар жинақталып тиісті орындарға ұсыныс беріледі – деді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ханбибі Дуланқызы.
Күн тәртібіне қойылған аудан бойынша ашық жатқан ауызсу люктерін жабу мәселесі туралы Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Әбдуаитов Қуаныш хабарлама жасады.
Бүгінгі күнде аудан бойынша Елді мекендердің өзін қоспағанда кент орталығында 1000 нан аса құдық есепте. Құдық бетінің ашық қалу, яғни қақпақтарының қолды болу фактілеріне келсек, ондай жағдайлар жиі орын алатыны жасырын емес. Негізі қолды болатын аймақтарға, кент шетіндегі тұрғын үйлер аз, жаңадан құрылыс салынып жатқан аймақтар жатады. Алайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің металл сынықтарын қабылдайтын тұлғалармен жұмыс жасауының әсерінен, соңғы уақыттарда құдық қақпағын ұрлау фактілері азайған. Жалғыз қолды болу емес, ауыр жүк көліктерінің жүріп өтуінен, қақпағы немесе бетонды жабыны сынып кеткен фактілер де жетерлік. Құдық қақпақтарын қайта орнына қою үшін, филиалға сұраныс беру, орталықтан жаңасын алдыру жұмыстары атқарылады – деді хабарламашы Әбдуаитов Қуаныш
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні және 24 сәуір күні осы ашық жатқан ауызсу люктеріне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде берілген ұсыныстардың орындалуы көңілге қонбайды. Алдымен балалардың, тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан ашық жатқан люктерді жедел түрде жабу жұмыстарын ұйымдастыру қажет – деді Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Прманов Уалихан.
Бүгінгі отырысқа хабарлашылардан бөлек Жалағаш кентінің әкімінің орынбасары Марат Қалниязов, Жалағаш желілік техникалық участкесінің басшысы Қадырхан Алибеков қатысты.
Бүгінгі отырыста хабарлашыларға сұрақтар қойылып, «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстардың орындалуы партия назарында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!