Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 18:11

Биыл мемлекет қаражатына түсірілген кинолар тек шығын әкелген

17.01.2024

825

0

Соңғы 5 жылда отандық кино түсіруге 23 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, 100 фильм жарық шыққан. Алайда фильмдер тек мемлекетке шығын әкелумен шектелген. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев айтты.

Бес жылда 100 фильм 22.800.000.000 теңгеге түсірілген. Олардың есеп берулерінде еш мін табылмаған. Сол фильмдердің бірсыпырасы кинотеатрдың сатылымына шыққан. Енді солардың жинаған кассасын қараңыздаршы. 30 жылда бюджет ақшасына 600-дей фильм түсірілген екен. Соның тек біреуі «Дос-Мұқасан» фильмі ғана кеткен шығынды ақтаған. Ал, қалғаны дым пайда әкелмеген. Оның қасында жеке қаражатқа түсірілген «Дәстүр», «Таптым-ау сені» мен «Бизнес по-казахский» миллиардтап касса жинауда, – деді Мәжіліс депутаты.

WhatsApp Image 2024-01-17 at 16.01.54.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: