Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.
Осы ретте, кәсіпкерліктің жекелеген салалары үшін мөлшерлемені 2 пайызға дейін төмендету мақсатында «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» аудан мәслихатының шешімі 01.07.2023 жылы ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №8429-11 санды болып енгізіліп тіркелді.
Бұл арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады.
Қазір рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бөлшек саудаға және негізінен халыққа қызмет көрсетуге байланысты 190 қызмет түрін қамтиды. Атап айтқанда, бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және т.б.
Бұл режим алдағы уақытта, бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады және салықтық жүктемені, бизнесті заңдастыруға, кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға оң әсерін тигізетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!