Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сейсенбі, 30 сәуiр, 16:28

Боз кілемде бақ сынады

16.04.2024

389

0

Өткен аптада ауданда Кеңес әскерінің Ауғанстан Республикасы жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай дзюдодан 2011-2012 және 2013-2014 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 10-нан астам команда, 400-ден аса спортшы қатысып, 18 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

– Бүгінгі шараның өзіндік маңызы бар. Бүгінгі облыстық тур­нирге әр ауданнан кішкентай спортшы­ла­рымыз қатысуда. Әрқайсысы бо­лашақ еліміздің атын шығаратын спорт­шылар болып шығары анық. Кім жеңіске жетсе де, кіл мықтылардың аты озсын. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов.
Жалпы жарысқа 10-нан астам команда қатысты 2011-2012, 2013-2014 жылы туған палуандар екі жас ерекшелікте 18 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жалпы ко­мандалық жарыста І орынға 150 мың тенге, ІІ орынға 100 мың теңге, ІІІ орынға 80 мың тенге ақшалай сыйлық тағайындалды.
Иә, палуандар кішкентай болса да әдіс жасау, жалпы дзюдо күре­сінің тактикаларын меңгеруімен, қар­сыласынан айласын асыруда бірінен бірі өтеді. Бәрі де «сен тұр мен атайын» деп тұрған сайып­қырандар екені анық байқалады. Бозкілемде 5 минут бойы бір-бірін ала алма­ған­дар да болды, уақытынан бұрын қар­сыласының жауырынын жерге ти­гізгендер де табылды, тіпті бел­десіп, соңында салмақ өлшеу ар­қылы келесі кезеңге кім өтетіні де анықталды.
Не керек, бозкілемде «әттеген-ай» деп қалған 10 палуан жарыс жолынан шеттетілді. Сондай-ақ 10 палуан келесі кезеңге жолдама алды. Оның бесеуінің тағы да жауырыны жерге тиіп, қос палуанның үшінші орынға кім лайық екені анықталды. Ақтық мәреде қарсылас шақ келтірмеген қос палуан турнирдің нүктесін қойды.
Осылайша, командалық жарыс­тың нәтижесі бойынша Қызылорда қаласы Қыран спорт клубы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен ІІІ орын, Қармақшы ауданының спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен ІІ орын, Жалағаш ауданының спорт­шылары 5 алтын, 8 күміс, 10 қола медальмен І орын иеленді.
– Өте тартысты турнир болды. Өзім 32 кг сал­мақтағы дәрежеге шықтым. Соңғы сайыста қарсыласым Аралдың палуанымен күрестім. Ол да өз ауданының намысын қорғап келіп тұрғандықтан барынша тырысты. Сол сәл қиындау болды. Бірақ біз өз жерімізде өткізіп жатқандықтан біз де есемізді жібергіміз келмеді, барынша тырысып нәтижесінде бірінші орында иелендім, – дейді І орын иегері Нұрбек Сәттар.
Кіл мықтының басын қосқан бұл спорттық сайыста бар ынта-жігерімен, жеңіске деген құлшынысымен жеткен жеңімпаздар мен жетекшілерге аудандық мәслихат тө­ра­ғасы Өмірзақ Елеусінов алғыс хат, медальдар мен демеушілердің қар­жылай сыйақысын табыстады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: