21 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтіледі, өте қатты ыстық сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!