Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:07

Бүгін елдің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жауады

23.06.2023

394

0

Бүгін Қазақстан барлық аумағы бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста бұрқасын, шаңды дауыл, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында түнде 1-2 градус аяз болуы мүмкін.

Түркістанда, Маңғыстауда, Абай облысында, Қостанайдың оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстанның шығысында, батыста, Қызылорданың шығысында, оңтүстікте, Қарағандының орталығында, Ұлытаудың оңтүстігінде, Батыста, Павлодар қаласының орталығында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, оңтүстікте, Алматы қаласының орталығында, оңтүстік-батыста, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: