Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 11:58

Бүгін – Халықаралық әйелдер күні 

08.03.2023

172

0

Бүгін Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтеді.

Бұл күннің тарихы әйелдер құқығы үшін күреспен тікелей байланысты. 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте жұмысшы әйелдер манифестке жиналды. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын. Ал 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысымен наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.

1914 жылдан кейін бірнеше елде 8 наурыз әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн – әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады. Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі. Ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән асыл қасиеттер ұрпақтың бойына ана арқылы дариды», – деді Президент.

Салтанатты жиын соңында Мемлекет басшысы «Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге он номинация бойынша табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: