Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді: 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте жаңбыр жауады. 17 шілдеде республиканың шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел соғады және бұршақ жаууы мүмкін.
Сонымен қатар демалыс күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Ауа температурасының негізгі фоны:
күндіз батыста +30+40С,
солтүстік-батыста +25+40С,
оңтүстік-батыста +36+45С,
оңтүстікте +33+42С,
оңтүстік-шығыста + 20 + 35 С,
солтүстікте +24+33С-тан +20+30С-қа дейін,
орталықта +27+38С-тан +23+33С-қа дейін,
шығыста +21+33С-тан +16+28С-қа дейін төмендейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!