Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 12:24

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

09.12.2022

418

0

 Қазгидромет 10-12 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.

Тек еліміздің батысы, оңтүстігі мен орталығында күн ашық болады деп болжанып отыр.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасындатып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Батыс Қазақстанда ауа температурасы түнде -7-20 градустан -5-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста -18-30 градустан 12-22 градусқа дейін, солтүстікте -17-30 градустан -10-26 градусқа дейін, орталықта -20-30 градустан -18-28 градусқа дейін, еліміздің шығысында -15-35 градустан -12-25 градусқа дейін, оңтүстікте -10-30 градустан -7-20 градусқа дейін жоғарылайды.

Елдің оңтүстік-шығысында түнде -12-25 градус аяз күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: