Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 00:50

Депозиті бар адамдар 10 пайыздық сыйлықақыны қалай алады?

21.10.2022

380

0

5 миллионнан аса қазақстандық депозит сомасының 10 пайызы көлеміндегі сыйлықақы алуға құқылы. Салымшылар банктерге өтінішін келесі жылдың 1 қаңтарына дейін тапсыруы керек, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әңгіме ақшасын ұлттық валютада жинайтын азаматтар туралы. Бағдарлама 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған депозиттерге қатысты.

10 пайыздық төлемдер бір рет қана аударылады, қазақстандықтар ақшасын 2023 жылдан бастап ала алады.

Банктер өтемақыны 23 ақпанда шоттарда болған жинақ сомасына қарай есептейді. Ең жоғары шек 20 миллион теңгеден аспауы керек. Ақшаны ішінара алған жағдайда пайыздар шоттағы қалған сома негізінде төленеді.

«Төлем шарты – бұл салымды 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақтау, яғни бір жыл бойы салымшы қаражатты депозитте сақтауы керек. Айтайын дегенім, бұл өтемақы туралы өтініште банк қандай да бір жеке мәліметті, банк шоттардың кез келген нөмірін, карталарды сұрауға құқығы жоқ. Егер салымшыға телефон соғып: «Өтініш беру үшін картаның нөмірін айт» десе, бұлар сөзсіз алаяқтар. Оларға ешқандай мәлімет беруге болмайды», – деді Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев.

Еске салайық, қаржы нарығындағы құбылмалылық фонында Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп, теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын жүзеге асыру туралы хабарлаған болатын. Жаңа бағдарлама қазақстандықтардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы есептеуді қарастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: