Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болдыдеп хабарлады kaz.inform.kz
– «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының халық артисі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» болып танылды, – делінген хабарламада.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтеді.
Айта кетсек, таяуда ғана Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!