Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 06:25

Дүбірлі доп додасы

30.04.2024

644

0

Жексенбіде аудан орталығында аймағымыздың әр өңірінен келген мемлекеттік қызметшілер футболдан сынға түсті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған доп додасында барлығы 8 команда өзара мықтыны анықтады.

Қатысушылар кәнігі кәсіби аяқдоп шеберлері секілді қызықты және тартысты ойын өр­негін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, командалардың дайын­дығы мықты екені байқалды.
Ойын барысында аладопты жанына серік еткен спорт­шылар өзінің шеберліктерін көрсетіп, ерекше еп­тілігі мен өзгеше ойын өрнегін көрсеткен командалар жеңіс тұғырынан көрінді. Нақтырақ айтсақ, І орынды Қызылорда қа­ла­сынан келген команда иеленсе, ІІ орынды жер­лестеріміз еншілеп, үздік үштікті Шиелі ауданы түйіндеді. Сон­дай-ақ Арал, Қармақшы, Сырдария, Қазалы және Жаңақорған аудандарына ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.


Қазалы ауданынан О.Ахметовке «Үздік қақпашы», Жалағаш ауданынан Н.Төлегеновке «Үздік қорғаушы», Шиелі ауданынан Б.Ермағанбетовке «Үздік ойыншы», Қызылорда қаласынан Д.Махамбетовке «Үздік ша­буыл­шы» аталымы табысталды. Барлық жеңімпаз коман­далар арнайы кубок, дәрежелік дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: