Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 21 ақпан, 23:07

Дүниежүзілік сайлау күні саяси партиялардың өкілдері кездесті

06.02.2025

125

0

Бүгін – Дүниежүзілік сайлау күні. Бұл күннің айтулы күнге осыдан 20 жыл бұрын Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында бекіген.

Бұл ретте Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың өкілдерімен басқосу ұйымдастырды.

Саяси партиялармен ортақ алаңда кездесу өткен жылдан бастау алып, дәстүрлі түрде өткізілуде.

Отырысқа «AMANAT» партиясы, «Ауыл» ХДПП, «Ақжол» ҚДП, «Қазақстанның Халық партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы филиалдарының басшылары мен өкілдері келді.

Жиында сайлау жүйесіндегі негізгі мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланып, пікір-алмасу жүргізілді.

Комиссия төрағасы Әділбек Ерсұлтанов 2024 жылы өткен сайлау науқандарының нәтижелерін баяндап, Президент реформасымен қолға алынған сайлау процестерінің негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

– Біз әрдайым ашық әрі жариялы сайлау өткізуге мүдделіміз. Өздеріңізден пікірлер мен ұсыныстар тыңдауға дайынбыз.

Мемлекет басшысы Парламенттің құзіретін кеңейтіп, депутаттардың пәрменін күшейту тетігін тікелей сайлау өткізу арқылы шешуге болатынын жеткізді. Нәтижесінде, 2023 жыл ел тарихында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізумен есте қалды. Бұл үрдіс кент және ауыл әкімдерінің сайлауында да сәтті жүзеге асуда.

Талдауларға сүйенсек, депутат, әкім болуға ниетті азаматтардың арасында өзін-өзі ұсыну жолын таңдаған азаматтардың қатары артқанын көруге болады. Мәселен, 2021 жылы кент және ауылдық округ әкімдері сайлауында кандидаттардың 87,2 пайызы партиядан ұсынылып, 12,7 пайызы өзін-өзі ұсынса, 2024 жылы партиямен ұсынылған кандидаттардың үлесі 36,3 пайызды көрсетті. Керісінше, өзін-өзі ұсыну деңгейі 63,6 пайызға көтерілді,-деді Ә.Ерсұлтанов.

Айта кетейік, аймақта өткен жылы АЭС салу бойынша Республикалық референдум, Сенат депутатының сайлауы және шығып қалған мәслихат депуттарының сайлауы өтті. Сондай-ақ, жыл ішінде Шиелі ауданы әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Жиында комиссия төрағасының орынбасары Болат Накипов саяси партиялардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі және кандидаттарды ұсыну бағыты бойынша талдауларды жеткізді.

Кездесуде партия өкілдері сөз алып, ортақ тақырып аясында ұсыныстарын жеткізіп, өзара ой бөлісті.

Жиын соңында Дүниежүзілік сайлау күніне орай бірқатар әріптестерге Алғыс хаттар табыс етілді.

Еске салайық, биылдан бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайлау жүйесі арқылы яғни халық таңдауы арқылы қызметке келеді. Демек, өкілеттілік мерзімі аяқталуына қарай, ротация мерзімі жеткенде біртіндеп өткізіледі.

Соңғы 4 жылда барлық 146 кент және ауыл әкімдерінің 137-і тікелей сайлауымен әкім қызметіне кірісті. Биыл қалған 9 әкімнің сайлауы ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік сайлау күні саяси партиялардың өкілдері кездесті 1.jpg
Дүниежүзілік сайлау күні саяси партиялардың өкілдері кездесті 2.jpg

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: