Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 02:39

Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде

12.06.2024

730

0

Сырдария өзені арқылы келетін су облыстың ауыл шаруашылығы саласын түгел қамтамасыз етуде. 2020 жылдан бастап Нарын-Сырдария каскадында орналасқан су қоймаларында жинақталатын су көлемінің төмендеуінен, Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы су тапшылығы жыл өткен сайын күрмеуі көп мәселеге айналуда.

Осы мақсатта Қазсушар РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы су тапшылығына қарамастан, қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарға сәйкес жүйелі атқаруда. Тақырыпты толығырақ “Қазсушар” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Роллан Ахметов пен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Қайратбек Сәрсенбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі, биыл вегетациялық кезең басында Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде жинақталған су көлемі өткен жылдан 0,6млрд.м3 кем болуынан ҚР Су кодексінің 82 бабының 2 тармағына сәйкес жылдың сулылығы болжамын ескере отырып, 3,7 млрд су пайдалану лимиті белгіленді. Белгіленген су пайдалану лимитіне сәйкес Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен 187,5 мың гектар жерге егіс орналастыру жоспарланса, оның ішінде 81,2 мың гектарына күріш дақылын егу межеленді. Қазіргі уақытта нақтыланған индикативтік жоспар мен белгіленген лимитке сәйкес су пайдаланушылармен келісім-шартқа отыру жұмыстары аяқталуға жақындады. Бүгінде 866 су пайдаланушылармен 123,7 мың гектар егіс алқабына 2,86 млрд.м3 су көлемін жеткізіп беруге келісім-шарт жасалды. Белгіленген су пайдалану лимиті мен нақтыланған индикативтік жоспарға сәйкес су пайдаланудың күнтізбелік жоспарын әзірлеп, кестеге сәйкес жұмыс жасауда”, −деді Қайратбек Сәрсенбаев.

Шардара су қоймасындағы су көлемінің ұлғаюы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2023 жылдың 3 қыркүйегінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылып, 2020 жылдан бері су тапшылығын көріп келе жатқан Сырдария өзенінің вегетациялық кезеңіндегі су тапшылығының алдын алу мақсатында көршілес мемлекеттермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесі деп білеміз.

− Қазіргі уақытта, су пайдаланушылар тарапынан күріш дақылының өсу фазасына сәйкес бастапқы суға бастырылған күріш дақылының суын тартып, тыңайтқыштар себу жұмыстары жүргізілуде. Су пайдаланушылардың суға сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы әкімдігімен, аудан әкімдіктерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, филиалдың аудандық өндірістік бөлімшелерінің барлық мамандары күндіз-түні егіс алқаптарына су жеткізіп беру бағытында жұмыс жасауда”, − деді Роллан Жомартұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: