Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:12

Емханаға тіркелу науқаны басталды

13.09.2023

236

0

Жақын арада емханаларды еркін таңдау науқаны қолға алынады. Жыл сайын елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын таңдау екі ай көлемінде өткізіліп келеді. 

Биыл еліміз бойынша 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында басталады. Толығырақ ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов айтты.

«Бүгінгі таңда Қордың денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында облыста 26 БМСК ұйымы тіркелген, оның ішінде 12-і – мемлекеттік, 14-і – жеке меншік. Осы жылдың 1 қыркүйегіне БМСК ұйымдарына 817 591 адам тіркелген. Олардың көпшілігі, 674 383 адам мемлекеттік емханаларға, қалған 143 208 адам жеке меншік емханаларда ем алады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы емханаларға тіркеу науқанының қорытындысы бойынша БМСК ұйымын еркін таңдау қызметін өңірдің 10 277 тұрғыны пайдаланған, олардың көпшілігі 8 660 адам тікелей БМСК ұйымына өтініш беру арқылы тіркелсе, қалған 1 617 адам egov.kz порталы арқылы өткен. Тіркелген азаматтардың басым көпшілігі – 9 839 адам жеке клиникаларды, қалған 677 адам мемлекеттік емханаларды таңдады» деді Бақыт Торғайбайұлы.

Айта кету керек, емхананы таңдағанда қолжетілімдікті ескеру керек. Яғни емханаңыз үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Ал, тіркелу екі әдіс арқылы жүргізіледі. Біріншісі, www.egov.kz сайты арқылы барлық азаматтарға арналса, екінші әдіс халықтың жекелеген санаттарына ғана арналады. Олар емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын өзі таңдаған БМСК ұйымында тіркелген күйі қалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: