Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 14 сәуiр, 01:15

Енді салыққа 1 теңге қарыз болғаныңыз үшін есепшотыңыз бұғатталмайды

26.10.2023

206

0

Қазір кәсіпкерлердің шоттары әлеуметтік төлемдер бойынша 1 теңгеден астам қарыз болған жағдайда бұғатталып жатады. Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәселеге қатысты түзетулер енгізу жоспарланып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Енді кәсіпкерлердің банктік шоттары қарыздардың шамалы мөлшеріне байланысты бұғатталмайды.

Айта кетсек, салық органдары салық берешегі 6 АЕК-тен асатын (2023 жылы 20 700 теңге) банктік шотқа тыйым сала алады. Алайда әлеуметтік төлемдер бойынша банктік шоттарға тыйым салу 1 теңгеден астам берешек бойынша жүргізіледі. Себебі бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып есептелінеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

«Кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарға тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомалары шегінде шектеулер жүргізу  ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады. Бұл түзетулер банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін шешеді», делінген ресми хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: