Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 19 сәуiр, 18:06

Еңсе тіктеген еңбек

19.07.2022

445

0

Президент жарлығына сәйкес ауыл әкімдерінің халықпен кездесуі Еңбек ауылында да өтті. Жиын барысында ауыл бойынша ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар сараланып, талқыланды. Еңбекпен еңсе тіктеген елді мекеннің бүгінгі тірлігі тындырымды, шаруасы ширақ. Халқы да бірлікті ту етсе, ауыл әкімі елді мекеннің гүлденуіне жүйелі жұмыс атқаруда. Кездесуден түйгеніміз, елді мекенде жүйелі жұмыс бар, бірақ алдағы уақытқа жоспар да жоқ емес. Тарқатып көрелік…­

Сәуір айынан бас­тап ауылдың ішкі аяқ су жүретін арықтары күл-қоқыстан тазартылып шы­ға­рылған 24 куб күл-қоқыс елді мекен сыртындағы тиісті орынға шығарылыпты. Ауыл әкімінің өткен жылғы халықпен кез­десуінде Қ.Адаев көшесінің 15 жыл­дан бері бір фазамен жұмыс жасап, электр энергиясының күші өте аз екені ай­тылып, жаңа транс­форматор орнату мә­селесі кө­те­­рілген болатын. Аталған мә­селе бойынша биыл ма­мыр айында аталған көшеге Сырбай ата көшесіндегі трансформатордан үш фа­­залық электр энергиясы тартылған. Ауыл әкімі Қ.Қалданов жыл ба­сы­нан бері жеке қабылдауға келген 6 тұр­ғынның барлығының өтініштері қа­нағат­тандырылғанын атап өтті.
Кездесуде баяндалғандай, ауылда мә­­дениет саласы бойынша ауқымды жұмыс­тар атқарылып келеді. Мә­­се­лен, биыл Ба­лалар жылы ая­сын­да домбыра үйірме мүшелерінің қа­тысуымен «Күй киелі – өнер» атты аудандық күй байқауы өткі­зіл­­ген. Бұдан бөлек Мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйым­дастыруымен өткен «Жігіт сұл­та­ны – 2022» аудандық байқауында бақ сынаған Сағындық Серік­бол жүл­делі ІІІ орын иеленсе, Бұқарбай Ес­тек­байұлының туғанына 210 жыл то­луына орай «Ел қорғаған – ер бабам» атты ардагерлер арасындағы аудандық жаз­ба ақындар мүшәйрасында Қозы­бек Әбіл­даев жүлделі І орын алған. Сонымен қатар үрдіске айнал­ған «Ме­рейлі отбасы» ұлттық конкур­сы­ның аудандық кезеңінен еңбектік Бек­ниязовтар отбасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, облысқа жолдама алыпты.
Қазір жергілікті шаруашылық төра­ға­­ла­рының туған жерін түлетуге атса­лысып жатқаны бізді қуантады, әрине. Әсі­ресе өңірдің өрісін кеңейтіп, ауылды абаттандыру бағытында се­рік­тестік бас­шы­лары тарапынан ат­қарылып жат­қан жұмыстар Еңбек ауылында анық бай­қа­лады. «Еңбек-Жер» жауапкершілігі шек­теулі серік­тес­тігі ауыл орталығындағы аял­дама жанына брусчатка төсеу, гүл егу және демалыс орнына әткеншек орнату жұмыс­тарын жүргізген.
Бұған дейін де мақаламызға арқау ет­кендей, ауылдың жанашыр азаматы Шаки­затхан ағамыздың еңбегін айтпай кетуге болмас. Еңбектің еңсе тіктеуі, көркейіп-көгалдануы жолында аянбай қолғабыс болып жүрген ел ағасының игі ісі көпке үлгі боларлықтай дүние. Әсіресе еңбектік ағайынның әлеуметтік жағдайының түзе­луіне де көп көңіл бөліп келеді.
Айта кететін болсақ, «Еңбек-Жер» ЖШС төрағасы Шакизатхан Ысқақов бұ­ған дейін ауылдың үстімен өтетін үлкен жолға жарық бағаналарын ор­натып, елді мекен ішінен бірнеше балалар ойын алаңын салуға қолғабыс етті. Қазір ауыл­дың ажарын айшықтап, елдің әлеуетін арттырар барлық жо­бада жомарт жанның қолтаңбасы бар десек, қателеспейміз.
Шакизатхан Ысқақовтың бір ғана шаруашылықпен бүтін бір ауылдың қа­жетіне жарап, өңірді өркендету жо­лында жарқын жобаларды қолға ал­ғаны кейінгі буынға үлгі болары анық. Әр жылдардағы күзгі науқанның уа­қытында шаруашылықтағы дала дара­боздарының еңбегін лайықты бағалап, олардың әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлген атпал азаматпен аққошқарлықтар мақтанады.
Бір қуантарлығы, туған жерге тағзым етіп, елдің алғысын алуды көздеген ауыл жанашырының Еңбекте жүзеге асырар жұмыстары жалғасын тауып келеді. Кейін жергілікті халыққа арзан бағада өз өнімін ұсынатын арнайы сауда орталығын салды. Қазір ауыл тұрғындары той-томалақ, құ­дайы ас секілді отбасылық дәстүрлі ша­раларды өткізу үшін бұрынғыдай аудан не облыс орталығына сабылмайды. Себебі мұн­дай шараларды өткізетін ауылда жаңа тойхананың зәулім ғимараты бар. Оның да құрылысының қалануына Шакизатхан ағамыз қыруар қаржы бөлді. «Ауылына қа­рап азаматын таны» деген қазақта қа­натты сөз бар. Осы бір мағыналы сөздің мәніне терең үңілген ел ағасы туған жерге тағзым етуді жадынан шығармай, көпшілдігімен көптің алғысына бөленіп келеді.
Игі істерінің бірінде тіпті ауылдағы Т.Дәуітбаев атындағы орталық көшенің бойында орналасқан қосқабатты 4 үйдің шатырын жаңартып, сыртын әрілеу жұ­­мыс­тарын да жеке қаражатымен жү­зеге асырды. Мұнан бөлек Қ.Адаев кө­шесіндегі 5 үйдің қоршауын заманауи үлгіде жаңартып, орнатып берді. Қар­тын қазынаға балаған ауыл баласы ардагер Қ.Бекниязов атамыздың да жаңадан бой көтерген тұрғын үйінің ша­тырын орнатып, ақсақалдың батасын алды.
Ал осындай ел үшін еңбек етіп жүр­ген ел ағасының елеулі ісін жалғас­тырып жүрген, әлеуметтің әлеуетін арт­тыруда жүйе­лі жұмыстарды атқа­рып жүрген ауыл әкіміне елінің айтарлықтай өкпесі жоқ екенін білдік. Бастысы ауылда тіршіліктің көзі бар, ауызбіршілік бар, үйлесімді тірлік бар. Қалғаны кезең-кезеңімен жүзеге аса беретініне сенеміз.


Нұр НАУАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: