Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 07 маусым, 22:56

Ғарыш дәуірінің алтын белесі

03.03.2025

173

0

Биылғы жылдың 2 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласының құрылғанына 70 жыл толады. Осы атаулы күнге орай облыс әкімдігі арнайы мерейтойлық іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

  • Жоспар аясында жыл бойына облыстық және республикалық деңгейдегі өнер ұжымдарының концерттері, спорттық жарыстар және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алмақ. Бұл жоба қала тұрғындары мен жастар үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. 70 жылдық мерейтой – Байқоңырдың тарихи маңызын айшықтайтын ерекше оқиға. Ұйымдастырылатын шаралар ғарыш қаласының дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: