Ағымдағы жылғы 16 қыркүйек күні Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында «Халық заңгері»жалпы республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Шараға өңіріміздегі жергілікті атқарушы органдардан, орталық атқарушы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінен және жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші мамандар қатысып, өңір тұрғындарына туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер берді.
Акцияға келген қала тұрғындарының көпшілігі денсаулық, әлеуметтік және жер саласы мамандарының көмегіне жүгініп, өз мәселелерінің шешілу жолдары бойынша кеңес алды.
Осы тектес іс-шаралар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, «»Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында бір мезетте өткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!