Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 16:17

Экс-президенттің кеңсесінде штат саны қысқартылды – сенат спикері

11.05.2023

400

0

 Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесінде жұмыс істейтін адам саны қысқартылды, бюджеті де азайтылады. Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгіне сенат отырысынан кейін журналистер спикерден экс-президенттің кеңсесі туралы сұрады.

«Менің білуімше, сонда істейтін адамдардың санын күрт қысқартқан. Қазір нақты санын айта алмаймын. Бірақ бұрыңғыдай біраз адам істеп жатқан жоқ. Қазір үлкен функциялары да жоқ. Соған байланысты бюджетті қараған кезде біз қаржы мәселесін де қарайтын шығармыз», – деді Әшімбаев.

Спикердің ойынша, Назарбаевтың кеңсесі батыстың үлгісімен қалуы мүмкін.

«Мысалы, АҚШ-ты алып қарасақ, ол жақта экс-президенттердің кітапханалары бар, өздерінің музейлері болады, өздерінің ішкі аппараты болады. Бұл жалпы дамыған мемлекеттерде бар үрдіс. Егер ол президент біраз еңбек етсе, өзінің кітаптары, қағаздары болады. Бір-екі көмекшісі болуы керек шығар. Сондықтан біз өзіміз бір нәрсе тауып отырған жоқпыз. Бірақ бұрынғыдай кеңсе жоқ», – деп атап көрсетті спикер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: