Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:56

Эльбрус тауында қазақстандық гид құтқарылды

11.02.2024

354

0

Олар 5 мың метр биіктіктен түсе алмай қалған.

Бұл туралы Кабардино-Балкария Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ақпаратқа сай, ақпанның 10-ында түнгі 22:20 шамасында 2 адамнан тұратын тіркеуге тұрған топтың Эльбрус тауында 5 мың метр биіктіктен төмен түсу үшін көмек сұрағаны туралы хабарлама түскен. Құрамы 9 адам, 2 техникадан тұратын Эльбрус биіктаулы кәсіби құтқару жасағы сол жерге дереу жол тартқан.
23:34-тегі жағдай бойынша, Эльбрус тауындағы іздеу-құтқару шаралары аяқталды.
Альпинистер табылып, оларға 3 850 метрге дейін түсуге көмек көрсетілді. Одан әрі өздері көмектен бас тартқан.
ТАСС агенттігінің жазуынша, екі адамның бірі – қазақстандық гид, екіншісі – ресейлік альпинист.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: