Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 20 маусым, 21:09

Электр самокаттарды қауіпсіз пайдаланыңыз

20.06.2025

8

0

Жалағаш ауданы төтенше жағдайлар бөлімі электросамокаттарды қуаттайтын кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.  Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік талаптарын сақтаған дұрыс.

Біріншіден, қуаттағыш тек түпнұсқа болу керек.  Жалған құрылғы батареяның қызып, жарылуына себеп болады.

Самокатты қараусыз қалдырмаңыз. Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде қуаттауға болмайды. Жанғыш заттардың жанында самокатты қуат көзіне қоспаңыз. Әсіресе төсек, перде, басқа да үй жиһаздарының қасында оны қуаттау қауіпті.

Сомакатты толық қуатқа жеткізбей тоқтатыңыз. Неғұрлым 100 пайызға жеткізбей қуат көзінен ажыратқан дұрыс. Ісінген немесе иісі шыққан батарея қауіп көзі болып табылатынын естен шығармайық.

Үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда. Қарапайым ережелерді сақтау үлкен қауіптің алдын алады.

Аудандық төтенше

жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: