Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:16

Энергетикалық сусын көп ішкеннен адам өліп кетуі мүмкін бе? Қазақстандық дәрігер түсіндірді

16.10.2023

407

0

Соңғы кезде энергетикалық сусынды шамадан тыс тұтынудың салдарынан бір өлімнен қалған адам саны көбейді. Мұндай сусынды көп мөлшерде ішу панкреонекрозға шалдықтуы мүмкін. Осы тұста Отбасы дәрігері Гүлмаржан Бекмұратқызы энергетикалық сусынның кенеттен өлімге әкелетін зияны туралы айтты.

Дәрігердің сөзінше, энергетикалық сусынның құрамындағы кофеиннің мөлшері қарапайым кофемен салыстырғанда бірнеше есе көп. Сондықтан энергетикалық сусын тәулік нормадан асып кететін болса, ол ағзаны қажытып жібереді.

«Дені сау адам тұрақты түрде күніне 3-4 дана энергетикалық сусын ішетін болса, ол адам ағзасына кері әсерін тигізіп, жүректің кенеттен тоқтауына алып келуі ммүкін. Дегенмен бұл бәріне бірдей әсер етпейді», – дейді отбасы дәрігері. 

Сонымен қатар, маман энергетикалық сусынның панкреонекрозға шалдықтыратынын айтып, оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін екенін де еске салды.

«Панкреонекроз – ұйқы безі тіндерінің некроздануы, яғни өлуі. 80-90 пайыз жағдайда панкреонекроз пайда болуының себебі – ішімдікті шамадан тыс ішу. Панкреонекроз сатысына байланысты 70-80 пайыз жағдайда өліммен аяқталады. Бірақ, тек энергетикалық сусынның әсерінен 100 пайыз панкреонекроз пайда болады деп айту қиын. Әрине, егер науқаста бұрыннан ұйқы безімен мәселе болса, ұйқысы нашар, оған қоса адамның өмір сүру салты дұрыс болмаса, ас мәзірінің көп бөлігі ағзаға пайдасыз, құнарсыз тағамнан, яғни энергетикалық сусын, жеңіл көмірсудан тұратын болса, ол ұйқы безінің функциясына әсер етіп, соңы ауыр асқынуға әкелуі мүмкін», – деп түсіндірді Гүлмаржан Бекмұратқызы.

Еске салайық, бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлаған.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.

«Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз», – деді топ мүшелерінің бірі.

Полиция «Ирина Кайратовна» тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.

Ал бүгін мобилограф Шахназ Жылқайдар неден қайтыс болғаны белгілі болды.

14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілген. Өлімнің алдын – ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: