Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 18 қаңтар, 22:35

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

17.01.2026

4

0

Жалағаш ауданыны әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар және аймақ басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Мәжілісте аудан әкімі кәсіпкерлік саласының өңір экономикасындағы маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің қажеттігін айтты.

«Кәсіпкерлік негізгі салалардың бірі болып табылады. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті бастауға және дамытуға бағытталған жеңілдетілген несие қаражаттары мен мемлекеттік гранттар арқылы қаржыландыру, сондай-ақ жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерін кеңейту бойынша нақты міндеттер жүзеге асырылуы тиіс, – деді А.Ибраимов.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы да қаралды. Аталған жоба аясында 2025 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы жалпы сомасы 166,5 млн теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 35 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тұрғындардың табысын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: