Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:58

Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

11.02.2021

568

0

Пленум мәжілісінің күн тәртібінде пленум мүшелерін және кент ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

Пленум мәжілісіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет құрметті зейнет демалысында жүрсе де, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген ардагерлерге алғысын білдірді. Ақыл тұтар аға-апаларымызды алдағы уақытта да ел игілігі жолында бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Өз кезегінде қазыналы қарттарымыз елдегі бірлік пен ынтымақ болса, халқымыз аман болса әлі де талай жұмыстарға белсене араласатындарын, ақыл-кеңестерін айтып отыруға әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Пленум мәжілісінде кент ардагері Қожантай Құлмахан Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Жасұлан Ерданұлы кент ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Біржан Көштаевтың атқарған жұмыстарына тоқталып, жаңадан сайланған кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Құлмаханның қоғамдық жұмыстағы қызметіне сәттілік тілеп, аға буынның алғысына бөленетініне сенім білдірді.

– Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Көштаев Біржан ағамыз Жалағаш кентіндегі әрбір ардагерді зерттеп, тиісті мекемелерге бекітті. Осы кісінің еңбегінің нәтижесінде қазіргі уақытта 41 бастауыш ардагерлер ұйымына 1600 ардагер есепте тұрады. Біз осы ағамыз бастап берген жұмыстарды әрі қарай жалғастыра отырып, жандандыруымыз керек. Есепке тұрған әрбір ардагерге әлеуметтік карта жасалып, мәліметтер базасы жаңартылып отырылуы тиіс,-деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: