Биыл жергілікті бюджетке 1 765 383,0 мың теңге түсіру болжамдалған болатын. Алайда 1 706 497,0 мың теңге қаржы түсіп, болжам 58 886,0 мың теңгеге кем болып отыр. Яғни меже 97 пайызға орындалған. Болжамның кем орындалу себебі «Саутс-ойл» ЖШС 4-ші тоқсанға есептелген 80 000,0 мың теңге салығын төлем жасамай отырған еді. Бүгінде бұл мәселе шешімін тауып, тиісті жұмыстар атқарылыпты.
Өткен жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 9 691,0 мың теңгеге артық түсім түсіп немесе өсу қарқыны 101 пайызды құрады. Қосымша кіріс көздерін ұлғайту мақсатында ақпараттық жүйелерден, уәкілетті органдардан және үшінші тұлғалардан алынған мәліметтер негізінде салық төлеушілердің салық есептілігіне талдау, камералдық бақылау, әңгімелесу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жыл басынан бері жергілікті бюджетке 299 088,0 мың теңге қосымша түсім түсірілді.
Жалпы аудан бойынша бюджетке түсетін түсімдердің орындалуына келсек, аудандық кірістер басқармасы нәтижелі еңбек еткенін аңғарамыз. Басқарма тарапынан нұсқамаға сәйкес, жүргізілген тақырыптық тексерулер қорытындысымен тіркелмей, яғни заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысушы 7 жеке тұлға анықталып, оларға сот органдарымен 225,1 мың теңге айыппұл түріндегі шара көрілген.
Оның ішінде 1 тұлға заңсыз 15 литр жанар-жағар май сату бойынша, 5 тұлға «такси» қызметін көрсетумен айналысқаны және 1 тұлға заңсыз тіркелмей дүкен ашып тұрғаны анықталды. Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан тұлғалар мұнай өнімі – Жаңаталап, дүкен – Мақпалкөл ауылдық округтерінен, жолаушылар тасымалы Жалағаш кентінен анықталған.
Жылдық болжамның орындалуы бойынша күтілімі төмендегі кестедей.
Жоспар 31.12.2022 ж | Күтілім | % | Ауытқу | |
Салықтық түсімдер | 1 726 796,0 | 1 716 240,0 | 99,4 | -10 556,0 |
Салықтық емес түсімдер | 4 571,0 | 26 471,0 | 89,0 | 21 900,0 |
Негзігі капиталды сату | 104 222,0 | 48 196,0 | 11,4 | -56 026,0 |
Жиыны | 1 835 589,0 | 1 790 907,0 | 98,0 | -44 682,0 |
Бұл кестедегі мәліметтен жылдық болжамның орындалмау қаупі бар екендігін айқын аңғарамыз. Дегенмен, аудандық басқарма 2022 жылдың бекітілген болжамын толықтай орындау мақсатында, жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтады. Ал, 4-ші деңгейлі бюджет бойынша 167 539,0 мың теңге болжамдалып, 145 223,0 мың теңге қаржы түсіп, болжам 22 608,0 мың теңгеге кем немесе 86,7 пайызға орындалыпты.
Оның ішінде, кент, ауылдық округтер бойынша бекітілген жылдық болжамды орындамау қаупі бар екен. Атап айтсақ, Жалағаш кенті 24 565,0 мың теңгеге, Еңбек ауылы 547,0 мың теңгеге, Ақсу ауылы 515,0 мың теңгеге, Жаңаталап ауылы 209,0 мың теңгеге, Жаңадария ауылы 91,0 мың теңгеге, Мәдениет ауылынан 5,0 мың теңгеге болжам орындалмай отыр.
Төртінші деңгейлі дербес бюджетке түсетін түсімдер болжамының желтоқсан айына дейін орындалуы төмендегідей.
Р/с | Елді мекен атауы | 2022 жылға бекітілген болжам | 01.12.2022 жылға нақты түскені | Айырма | Орындалу пайызы |
1 | Жалағаш кенті | 136 797,3 | 112 232,4 | -24 565,0 | 82,0 |
2 | Еңбек | 2 256,9 | 1 710,8 | -547,0 | 75,8 |
3 | Ақсу | 3 061,6 | 2 840,0 | -515,0 | 92,8 |
4 | Жаңаталап | 1 349,8 | 1 141,0 | -209,0 | 84,5 |
5 | Жаңадария | 1 043,2 | 952,6 | -91,0 | 91,3 |
6 | Мәдениет | 3 012,2 | 3 007,9 | -5,0 | 99,9 |
7 | Аққұм | 3 221,5 | 3 233,7 | 13,0 | 100,4 |
8 | Аламесек | 2 250,1 | 3 790,8 | 1 541,0 | 168,5 |
9 | Мақпалкөл | 2 491,8 | 2 585,6 | 94,0 | 103,8 |
10 | Қаракеткен | 2 442,9 | 2 546,6 | 104,0 | 104,2 |
11 | Мырзабай | 1 254,1 | 1 489,9 | 236,0 | 118,8 |
12 | Бұқарбай батыр | 3 646,3 | 4 015,3 | 369,0 | 110,1 |
13 | Аққыр | 1 337,0 | 1 783,4 | 447,0 | 133,4 |
14 | М.Шәменов | 1 153,0 | 1 180,2 | 28,0 | 102,4 |
15 | Таң | 2 221,3 | 2 712,7 | 492,0 | 122,1 |
Барлығы | 167 539,0 | 145 223,0 | -22 608,0 | 86,7 |
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтарын төлеу мерзімі есепті жылдан кейнгі жылдың 1-сәуірі болып бекітілген, яғни 2021 жылға есептелген салық 2022 жылдың 1-ші сәуіріне дейін толық төленуі қажет. Алайда, осы салықты жинақтап, бюджетке өндіруге кент және әрбір ауылдық округтер бойынша арнаулы салық мамандары бөлінгенімен, өндіру жұмыстары өте төмен дәрежеде жүргізіліп жатыр екен.
Мемлекеттік кірістер басқармасы кент және ауыл округтерінің салықшы мамандарының жұмысына талдау жұмысын жүргізу барысында, жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 01.01.2022 жылға қалыптасқан 8 992,2 мың теңге берешек сомасын өндіріп азайтудың орнына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына бұл берешек сомасы 11 237,4 мың теңге болып, 2 245,2 мың теңгеге өсіп отырғаны белгілі болған. Берешектің өсуіне төмендегі кестеде көрсетілген кент және ауылдық округтері, яғни Жалағаш кенті, Мәдениет, Еңбек, Аққыр, Қаракеткен, Мақпалкөл, Жанаталап ауылдық округтерінде жол берілгені анықталып отыр.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші қазаны болғанымен, Жалағаш кенті бойынша мүлік салығына 23,0 мың теңге осы уақытқа дейін өндірілмей отыр. Осы көрсетілген салық берешектері толықтай өндірілсе, жылдық болжамды орындауға толық мүмкіншілік болар еді дейді мамандар.
Кент және ауылдық округтердегі көлік салығы бойынша берешегі төмендегідей.
Р/с | Елді мекен атауы | 01.01.2022 жылға (мың тенге) | 01.12.2022 жылға (мың теңге) | Айырмасы | |||
саны | сомасы | саны | сомасы | саны | сомасы | ||
1 | Жалағаш кенті | 139 | 4 651,0 | 174 | 6 287,3 | 35 | 1 636,3 |
2 | Мәдениет | 6 | 515,2 | 29 | 870,1 | 23 | 354,9 |
3 | Еңбек | 10 | 168,7 | 24 | 217,5 | 14 | 48,8 |
4 | Аққыр | 1 | 19,5 | 7 | 919,8 | 6 | 900,3 |
5 | Қаракеткен | 7 | 106,6 | 13 | 255,3 | 6 | 148,7 |
6 | Мақпалкөл | 6 | 334,6 | 9 | 486,8 | 3 | 152,2 |
7 | Жаңаталап | 1 | 25,7 | 3 | 144,2 | 2 | 118,5 |
8 | Таң | 14 | 324,1 | 16 | 302,8 | 2 | -21,3 |
9 | М.Шәменов | 5 | 120,1 | 6 | 116,9 | 1 | -3,2 |
10 | Мырзабай | 1 | 37,6 | 1 | 22,5 | 0 | -15,1 |
11 | Жаңадария | 6 | 192,4 | 5 | 180,4 | -1 | -12,0 |
12 | Аққұм | 20 | 1 131,1 | 17 | 880,8 | -3 | -250,3 |
13 | Аламесек | 6 | 535,1 | 3 | 105,7 | -3 | -429,4 |
14 | Ақсу | 13 | 363,8 | 9 | 309,9 | -4 | -53,9 |
15 | Бұқарбай батыр | 18 | 466,7 | 6 | 137,4 | -12 | -329,3 |
Барлығы | 253 | 8 992,2 | 322 | 11 237,4 | 69 | 2 245,2 |
Жыл аяғына дейін атқарылатын
жұмыстар мен міндеттерге келсек, 2022 жылға бюджет барлық деңгейлері бойынша бекітілген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету және өткен жылмен салыстырғанда түсім қарқынын төмендетпеуге бағытталған. Ал тиімді жүргізілген салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесімен бюджетке қосымша кіріс көздерін қамтамасыз ету де алдағы күндердің еншісінде. Сондай-ақ бюджет алдындағы бересі және берешек сомаларын азайтуға қол жеткізу, кіші және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық мүмкіндіктерді қолдана отырып, мәліметтерді талдау арқылы, проблемалық зоналарды және құқық бұзушылық көріністерін анықтау, олардан түсетін түсімінің үлес салмағын ұлғайтуға да жұмыс жасалады. Ал салық заңнамасының салық төлеушілер арасында түсіндіру нәтижесімен салықтық мәдениетті көтеру де күн тәртібінен түспек емес. Бір сөзбен айтқанда, Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы атқарып жатқан жұмыста нәтиже барын байқауға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!