Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 16:52

Кіріс көзі артса, экономика да нығаяды

08.12.2022

243

0

Биыл жергілікті бюджетке 1 765 383,0 мың теңге түсіру болжамдалған болатын. Алайда 1 706 497,0 мың теңге қаржы түсіп, болжам 58 886,0 мың теңгеге кем болып отыр. Яғни меже 97 пайызға орындалған. Болжамның кем орындалу себебі «Саутс-ойл» ЖШС 4-ші тоқсанға есептелген 80 000,0 мың теңге салығын төлем жасамай отырған еді. Бүгінде бұл мәселе шешімін тауып, тиісті жұмыстар атқарылыпты.

Өткен жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 9 691,0 мың теңгеге артық түсім түсіп немесе өсу қарқыны 101 пайызды құрады. Қосымша кіріс көздерін ұлғайту мақсатында ақпараттық жүйелерден, уәкілетті органдардан және үшінші тұлғалардан алынған мәліметтер негізінде салық төлеушілердің салық есептілігіне талдау, камералдық бақылау, әңгімелесу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жыл басынан бері жергілікті бюджетке 299 088,0 мың теңге қосымша түсім түсірілді.

Жалпы аудан бойынша бюджетке түсетін түсімдердің орындалуына келсек, аудандық кірістер басқармасы нәтижелі еңбек еткенін аңғарамыз. Басқарма тарапынан нұсқамаға сәйкес, жүргізілген тақырыптық тексерулер қорытындысымен тіркелмей, яғни заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысушы 7 жеке тұлға анықталып, оларға сот органдарымен 225,1 мың теңге айыппұл түріндегі шара көрілген.

Оның ішінде 1 тұлға заңсыз 15 литр жанар-жағар май сату бойынша, 5 тұлға «такси» қызметін көрсетумен айналысқаны және 1 тұлға заңсыз тіркелмей дүкен ашып тұрғаны анықталды. Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан тұлғалар мұнай өнімі – Жаңаталап, дүкен – Мақпалкөл ауылдық округтерінен, жолаушылар тасымалы Жалағаш кентінен анықталған.

Жылдық болжамның орындалуы бойынша күтілімі төмендегі кестедей.

 Жоспар 31.12.2022 жКүтілім%Ауытқу
Салықтық түсімдер1 726 796,01 716 240,099,4-10 556,0
Салықтық емес түсімдер4 571,026 471,089,021 900,0
Негзігі капиталды сату104 222,048 196,011,4-56 026,0
Жиыны1 835 589,01 790 907,098,0-44 682,0

Бұл кестедегі мәліметтен жылдық болжамның орындалмау қаупі бар екендігін айқын аңғарамыз. Дегенмен, аудандық басқарма 2022 жылдың бекітілген болжамын толықтай орындау мақсатында, жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтады. Ал, 4-ші деңгейлі бюджет бойынша 167 539,0 мың теңге болжамдалып, 145 223,0 мың теңге қаржы түсіп, болжам 22 608,0 мың теңгеге кем немесе 86,7 пайызға орындалыпты.

Оның ішінде, кент, ауылдық округтер бойынша бекітілген жылдық болжамды орындамау қаупі бар екен. Атап айтсақ, Жалағаш кенті 24 565,0 мың теңгеге, Еңбек ауылы 547,0 мың теңгеге, Ақсу ауылы 515,0 мың теңгеге, Жаңаталап ауылы 209,0 мың теңгеге, Жаңадария ауылы 91,0 мың теңгеге, Мәдениет ауылынан 5,0 мың теңгеге болжам орындалмай отыр.

Төртінші деңгейлі дербес бюджетке түсетін түсімдер болжамының  желтоқсан айына дейін орындалуы төмендегідей.                                                                                                                        

Р/сЕлді мекен атауы2022 жылға бекітілген болжам01.12.2022 жылға нақты түскеніАйырмаОрындалу пайызы
1Жалағаш кенті136 797,3112 232,4-24 565,082,0
2Еңбек2 256,91 710,8-547,075,8
3Ақсу3 061,62 840,0-515,092,8
4Жаңаталап1 349,81 141,0-209,084,5
5Жаңадария1 043,2952,6-91,091,3
6Мәдениет3 012,23 007,9-5,099,9
7Аққұм3 221,53 233,713,0100,4
8Аламесек2 250,13 790,81 541,0168,5
9Мақпалкөл2 491,82 585,694,0103,8
10Қаракеткен2 442,92 546,6104,0104,2
11Мырзабай1 254,11 489,9236,0118,8
12Бұқарбай батыр3 646,34 015,3369,0110,1
13Аққыр1 337,01 783,4447,0133,4
14М.Шәменов1 153,01 180,228,0102,4
15Таң2 221,32 712,7492,0122,1
 Барлығы167 539,0145 223,0-22 608,086,7

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтарын төлеу мерзімі есепті жылдан кейнгі жылдың 1-сәуірі болып бекітілген, яғни 2021 жылға есептелген салық 2022 жылдың 1-ші сәуіріне дейін толық төленуі қажет. Алайда, осы салықты жинақтап, бюджетке өндіруге кент және әрбір ауылдық округтер бойынша арнаулы салық мамандары бөлінгенімен, өндіру жұмыстары өте төмен дәрежеде жүргізіліп жатыр екен.

Мемлекеттік кірістер басқармасы кент және ауыл округтерінің салықшы мамандарының жұмысына талдау жұмысын жүргізу барысында, жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 01.01.2022 жылға қалыптасқан 8 992,2 мың теңге берешек сомасын өндіріп азайтудың орнына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына бұл берешек сомасы 11 237,4 мың теңге болып, 2 245,2 мың теңгеге өсіп отырғаны белгілі болған. Берешектің өсуіне төмендегі кестеде көрсетілген кент және ауылдық округтері, яғни Жалағаш кенті, Мәдениет, Еңбек, Аққыр, Қаракеткен, Мақпалкөл, Жанаталап ауылдық округтерінде жол берілгені анықталып отыр.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші қазаны болғанымен, Жалағаш кенті бойынша  мүлік салығына 23,0 мың теңге осы уақытқа дейін өндірілмей отыр. Осы көрсетілген салық берешектері толықтай өндірілсе, жылдық болжамды орындауға толық мүмкіншілік болар еді дейді мамандар.

Кент және ауылдық округтердегі көлік салығы бойынша берешегі төмендегідей.                                                                                                           

Р/сЕлді мекен атауы01.01.2022 жылға (мың тенге)01.12.2022  жылға (мың теңге)Айырмасы
санысомасысанысомасысанысомасы
1Жалағаш кенті1394 651,01746 287,3351 636,3
2Мәдениет6515,229870,123354,9
3Еңбек10168,724217,51448,8
4Аққыр119,57919,86900,3
5Қаракеткен7106,613255,36148,7
6Мақпалкөл6334,69486,83152,2
7Жаңаталап125,73144,22118,5
8Таң14324,116302,82-21,3
9М.Шәменов5120,16116,91-3,2
10Мырзабай137,6122,50-15,1
11Жаңадария6192,45180,4-1-12,0
12Аққұм201 131,117880,8-3-250,3
13Аламесек6535,13105,7-3-429,4
14Ақсу13363,89309,9-4-53,9
15Бұқарбай батыр18466,76137,4-12-329,3
Барлығы2538 992,232211 237,4692 245,2

Жыл аяғына дейін атқарылатын

жұмыстар мен міндеттерге келсек, 2022 жылға бюджет барлық деңгейлері бойынша бекітілген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету және өткен жылмен салыстырғанда түсім қарқынын төмендетпеуге бағытталған. Ал тиімді жүргізілген салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесімен бюджетке қосымша кіріс көздерін қамтамасыз ету де алдағы күндердің еншісінде. Сондай-ақ бюджет алдындағы бересі және берешек сомаларын азайтуға қол жеткізу, кіші және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық мүмкіндіктерді қолдана отырып, мәліметтерді талдау арқылы, проблемалық зоналарды және құқық бұзушылық көріністерін анықтау, олардан түсетін түсімінің үлес салмағын ұлғайтуға да жұмыс жасалады. Ал салық заңнамасының салық төлеушілер арасында түсіндіру нәтижесімен салықтық мәдениетті көтеру де күн тәртібінен түспек емес. Бір сөзбен айтқанда, Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы атқарып жатқан жұмыста нәтиже барын байқауға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: