Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен көктемгі егін егу және дала жұмыстарына дайындық барысы туралы мәжіліс отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2025 жылғы Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы, егісті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов 2025 жылы егіс орналастыру жұмыстарын уақытылы, сапалы әрі тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Суға қарызы бар шаруашылықтарға қысқа мерзімде қарызды қайтару қажеттігін қатаң ескертті.
Күн тәртібіне сәйкес, берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовқа тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!