Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 17 мамыр, 04:16

Колледж студенттерімен кездесу өтті

22.04.2025

48

0

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «ДАМУ» БПҰ-ы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жұмысшы мамандық иелері болған ардагерлермен Жалағаш аудандық индустриалды аграрлық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Ш.Мұстафаева, «ДАМУ» БПҰ-ның төрайымы Э.М.Құттымбетова, Жалағаш аудандық индустриалды аграрлық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Кездесу қонақтары аудандық кірпіш зауытында жұмысшы болған Жармаханова Шырынкүл апа мен 5 разрядты сылақшы-маляр, ардагер Тоқтықбаева Зауыткүл апайлар болды.

Емен-жарқын сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында өткен кездесу барысында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Шоңмұрынқызы, Шырынкүл апай мен Зауыткүл апайларымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы тарапынан қонақтарға сый-құрмет көрсетілді.

Кездесуден кейін қонақтар колледж студенттері дайындаған көрмені тамашалап, оқу орнының жылыжай жұмысымен де танысты. Бұл — жастардың кәсіби бейімделуіне, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: