Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 18:07

Коронавирус қайта өрши бастады: Карантин енгізілуі мүмкін бе?

05.07.2022

326

0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет кулуарында журналистер министрден індеттің қайта өршуіне байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін бе деп сұрады.

«Бұл аурудың дамуына, өршуіне және вирустың мутациясына байланысты болады. Қазір біз әрбір келген вирустың түрін анықтап отырмыз. Соған байланысты шаралар қолданылады», – деді Ғиният.

Министрдің айтуынша, осы айда вирус жұқтырғандардың көбейгені байқалып отыр. Ғиният былтыр да, оның алдыңғы жылдары да коронавирус өскенін атап өтті. Яғни, бұл инфекциялық аурудың маусымдық өсімі.

Ол денсаулық сақтау министрлігі барлық сценарийге дайын екенін мәлімдеді.

«Біз барлық сценарийге дайынбыз. Бұрындары тәулігіне 16 мыңнан астам ауру тіркелген болатын, біз оны да еңсердік. Қазір тәулігіне 187 жағдай тіркеліп отыр. Барлық денсаулық сақтау ұйымдары коронавируспен күресуге дайын», – деді Ғиният.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы вирус жұқтырған адамдардың эпидемиологиялық анамнезін қарағанда, тек 5 пайызы ғана шетелден келген немесе шетелден оралған адамдармен қарым-қатынаста болған.

«Яғни бүгінгі таңда ауру ел ішінде таралып отырғаны белгілі болды. Сол себепті әзірге біз шетелден келгендерді ПТР-тестпен кіргізу бойынша шара қабылдауды қарастырып жатқан жоқпыз», – деді ол.
Ғиният елде бүгінгі таңда ұжымдық иммунитет бар екенін мәлімдеді. 11 миллионнан астам адам вакцина салдырса, бес миллионға жуығы ревакцинация жасатқан.
«Сондықтан қазір біз қатаң шектеу шараларын енгізбейміз. Тек жұрт көп жиналатын орындарда, әсіресе сауда орталықтары, әуежай, ұшақ, теміржол вокзалдарында маска киюге кеңес береміз», – деді министр.

Айтуынша, соңғы екі айда тәулігіне орташа есеппен 10 адам егіледі. Жазғы демалысқа байланысты қазақстандықтар жиі вакцина салдыратын болған. Вакцина қоры екі млн дозаны құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: