Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 03:38

Криштиану Роналду мәлімдеме жасады

23.11.2022

491

0

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кететіні туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Ағылшын клубы тараптар өзара келісім бойынша келісімшартты үзгенін ресми түрде жариялады. Ал Роналду жаңа сынақтың уақыты келгенін атап өтті.

«Манчестер Юнайтедпен» келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы өзара келісімге келдік. «Манчестер Юнайтедті» және ешқашан өзгермейтін жанкүйерлерді жақсы көремін. Жаңа сынақты іздейтін кез келді. «Манчестер Юнайтедке» бар жақсылықты тілеймін», – деген ол.

Еске салайық, бұдан дейін 37 жастағы футболшы сұхбат беріп, «Манчестер Юнайтед» басшылығын сынға алған болатын. Сол сұхбатында «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Эрик Тен Хагты сыйламайтынын айтқан еді. Кейінірек «Манчестер Юнайтед» пен Криштиану Роналду келісімшартты үзгені белгілі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: