Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 16:05

Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» футбол клубынан кетеді

29.05.2023

300

0

«Пари Сен-Жермен» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси командамен келісім-шартын ұзартпайтын болды. Ол маусым соңында клубтан кетеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін «ПСЖ» басшылығы 2021 жылдан бері клубтың намысын қорғап келе жатқан 35 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартуға мүдделі екенін айтқан болатын. Алайда тараптар келісе алмаған, енді Месси Барселонаға оралуы мүмкін немесе мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады.

Мессидің мамыр айының басында Сауд Арабиясына екі аптаға рұқсатсыз кеткені үшін оның жаттығулар мен ойындардан екі аптаға шеттетілуі мәселені одан әрі ушықтырған. 

27 мамырда Месси «Страсбургтің» қақпасына гол соғып, командасына ойынды  тең аяқтауға жол ашты. Бұл париждіктерге Франция титулын жеңіп алуға мүмкіндік берді. 

Айта кетейік,  Месси осы маусымдағы Франция чемпионатында 31 матчта 16 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: