Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 17:01

Мәдениет және өнер қызметкерлері марапат төрінде

22.05.2023

602

0

21-мамыр Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесі күні. Мерекені Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері 2013 жылдан бері атап өтуде. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Осы орайда, «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында мереке қарсаңында мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Аталған кездесуді «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева барша сала қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.


Мәдениет пен өнерді қолдау партияның басты жұмыстарының бірі. «Халықпен бірге!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы «Ұлттық мәдениетті қолдау» бағытында мақсаты айқындалған. Партияның қолдауымен Жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда, 300-ге жуық мәдениет нысанын салу және жаңғырту жұмыстары сонымен қатар, сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру жұмыстары атқарылатын болады – деді Қаншагүл Мұстафаева.


Осындай жауапты қызметтің қазанында қайнап жүрген сала мамандары «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысының алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: