Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 00:55

Майқайың шұңқырына құлаған екі адам табылмады: Іздестіру тоқтатылды

05.02.2024

244

0

Жұмысшылар мінген автобус құлап кеткен «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар депаратменті.

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес, опырылған аймақта топырақ құрылымы өзгеріп, тығыздық әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар. Құлау қаупі өте жоғары, – делінген департамент хабарламасында.

Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушыларға үлкен қауіп тудырады.

Апатты жою басшысының орынбасары – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Павлодар филиалы директорының орынбасары Еран Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнгендіктен жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Майқайың алтын» АҚ басшылығы және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының филиалы жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытындыға қол жеткізу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыларды тартуға уәде береді.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.

Еске салайық, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды. Майқайың шұңқырына құлаған тағы екі адам әлі табылған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: