Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосылады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бағдарламалар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Ал қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.
«Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен ұзақ мерзімді несие ала алады», – деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!