Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:12

Маңызды мәселелер талқыланды

03.10.2023

366

0

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі Асқарбек Есжанов, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары және арнайы шақырылған сала басшылары қатысты. Жиынды мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов жүргізді.

Сессия отырысының күн тәрті­бінде аудан бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жұмыстарының жайы, әлеу­меттік көмек көрсетудің, оның мөл­шер­лерін белгілеудің және мұқтаж аза­мат­тардың жекелеген санаттарының тіз­бесін айқындаудың қағидаларын бекіту, «Жалағаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар бала­ларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 17 қарашадағы № 10-2 шешіміне өзге­ріс енгізу, «Жалағаш ауданы әкім­дігі­нің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслиха­тының 2018 жылғы 13 шіл­дедегі №25-2 шешіміне өзгеріс енгізу жайы қаралып, жауапты мамандар баяндама жа­са­ды, де­путаттар тара­пынан талқы­ланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бо­йынша алдымен аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов баян­дама жасады. Оның айтуынша, биыл аудандық, облыстық бюджеттен қосымша қаржы қаралып, орман және жануарлар дү­ние­­сін қорғау мемлекеттік меке­месіне жаңа­дан 5 тонналық «Урал» өрт сөн­діру автокөлігі, 10 мотоцикл, бір трак­тор тіркемесімен, 26 рация алы­­нып, қыз­меткерлерге арнайы ны­­сан­дық жаз­дық, қыстық киімдер бе­рілген. Сонымен қатар мекеме қыз­мет­кер­лерінің жалақысы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 100 пайыз­ға көтерілген. 2022-2023 жыл­дары мемлекеттік орман қоры жер­лерінде қа­рақұйрық және ақбөкен жануарларын заңсыз ату дерегі тір­келмеген. Аудан бойынша барлығы 25 көл болса, бір көл резервте.
Сонымен қатар көктем айларында «Уылдырық – 2023» акциясы жүргізіл­ген. Мемлекеттік орман қоры жерлерін кү­зету бойынша 22 орман күтушіге әр­қай­сысына 40 мың гектар жерден бекітілген. Көктемде уақытша тұқым­баққа 20 мың дана Сыр талы, терек қаламшалары, қарағаш тұ­қымдары себілген. Сондай-ақ орман қоры жер­лерін өрттен ба­қылау үшін екі өрт ба­қылау мұнарасы Сырдария мен Жа­ңадария өзендерінің бойына орна­тылған.
Бұл бағытта халықты ақпараттан­дыру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, жергілікті тұр­ғын­дарға орман және дала өрттері туралы 200 үгіт-насихат парақ­шасы және жергілікті ақпарат құралдарына ма­қалалар мен хабар­ламалар жария­ланған.
Баяндамашыға депутаттар тара­пы­нан мемлекеттік орман қоры жер­­лерінде тас жол салу, құбыр тарту, электр қуатын беру, байланыс желілері, арна, бөгеттер салу және су шаруашылығы құрылыстарын пай­далану және орна­лас­тыру жұмыста­рының арнайы заңды­лықтары, елді мекендер маңайында жың­ғыл ша­буға орындар белгілеу, оған рұқсат қағаздарын беру жұ­мыс­та­рының жайы, тоқпен балық аулау жағ­дай­ларының тіркелген-тіркелмеген­і ту­ралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ депутат Гүлзат Құрманбаева кент­тің шығыс жағындағы Қызылорда қа­ла­сы бағытындағы теміржол бойы өтке­ліне дейін жасыл белдеу жүргізу жұмыс­та­рының қандай себептермен тоқтап тұрғаны және осы белдеуді кеңейту бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады.
Мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеу­­сінов жануарлар санағының жүр­гі­зілу ба­рысын, қасқыр сияқты жа­байы аңдарды аулауға қаралған қаржы мәселесіне зер салып, осы жыл­дың 8 айында ағаш кесу, заңсыз сексеуіл сындыру бойынша екі жағдай ғана анықталғанын атап өтіп, осы бағытта жұмыстарды күшейтуді ұсынды.
Аталған сұрақтарға аудан әкімінің орын­басары Әліби Байнахатов және аудандық орман және жануарлар дүние­сін қорғау жөніндегі мекеме ди­рек­торы­ның орынбасары Ғ.Жәні­беков жауап берді.
Депутат Қуат Ахетов Сыр өңірінде Қызыл кітапқа енген құстар мен жануар­лар туралы аудандық газетке жыл бойы мақалалар шығарылып отырғанын, алайда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі тарапынан осы бағытта ұсыныс-пікір болмағанын баса айтты.
Сондай-ақ депутат Д.Құдабаев мия тамырын жинау кезінде табиғи ресурс­тарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жайларды ескеріп, дәрілік шөп мия­ның өсетін жерлеріне ресурстық зерттеу жүргізіп отыруды, орман және дала өрттерінің алдын алу бағытында өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейтуді ұсынды.
Мұнан кейін екінші және үшін­ші мә­селе бойынша аудандық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағ­дар­­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бө­лімінің басшысы Қанат Бөлем­баев­тың баяндамасы тың­да­лып, шешім жоба­лары талқы­ла­нып, бірауыздан бекітілді.

Төртінші мәселе «Жалағаш ау­даны әкімдігінің жанындағы терро­ризм­ге қарсы комиссияның дербес құ­рамын бекіту туралы» Жалағаш ау­дандық мәс­лихатының 2018 жыл­ғы 13 шілдедегі №25-2 шешіміне өз­ге­ріс енгізу туралы аудан әкімі ап­па­ратының басшысы Ержан Қай­нар­­баев хабарлама жасап, депутат­тар тарапынан жан-жақты сара­ланды. Нәтижесінде комиссия құрамына өз­герістер енгізуге келісім берілді.
Сессия отырысында сөз алған аудан әкімі Асқарбек Есжанов жина­лыста қаралған мәселелердің өзекті екенін айтты. Сондай-ақ депу­тат­тардың мем­лекет тарапынан жасалып жатқан қол­даулар мен мемлекеттік бағдарла­ма­лар туралы халыққа кеңі­нен түсіндіру керектігін жеткізді.
Мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусі­нов сессия отырысын қорытын­дылап, жалпы қоршаған ортаны қор­­­ғауға және сақтауға бәріміздің жауап­ты екен­імізді айтып, алдағы уақытта орман және жануар­лар дүниесін қор­ғау меке­месіне осы бағыттағы жұмыс­тарды жан­дан­ды­рып, нәтижелі жұмыстар ат­қаруды ұсынды.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: