Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:12

Мақсат – айқын, жұмыс – жүйелі

08.12.2022

469

0

Жалағаш ауданында «Өзгерістер жолы:  әр азаматқа  лайықты  өмір»  атты «Аmanat» партиясының  сайлауалды бағдарламасын  іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, аталған бағдарламаның 25 тармағында ағаш-бұта екпелерін  отырғызу көзделсе, 2022 жылы жалағаш ауданында 4649 дана ағаш-бұта екпелерін отырғызу жоспарланған болатын.

Жоспар бойынша межеленген 4649 дана ағаш биылғы жылғы көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысында отырғызылған. Елді мекендер бойынша Жалағаш кентінде – 1459 дана, Қаракеткен ауылында – 185 дана, Ақсу ауылында – 255 дана, Бұқарбай батыр ауылында – 255 дана, Жаңаталап ауылында – 150 дана, Темірбек Жүргенов ауылында – 255 дана, Аққыр ауылында – 255 дана, Мәдениет ауылында – 255 дана, Мырзабай ахун ауылында – 255 дана, Аққұм ауылында – 255 дана, Таң ауылында –  255 дана, Есет батыр ауылында – 255 дана, Жаңадария ауылында – 120 дана, М.Шәменов ауылында – 185 дана, Еңбек ауылында – 255 дана отырғызылып, 2022 жылдың жоспары 100 пайызға орындалған.

Аталған бағдарламаның 26 тармағында ағаш-бұта екпелерінің шығымдылығын 65 пайыздан төмен  болмауы керектігі айтылған. Ал жалағаш ауданында отырғызылған ағаш-бұта екпелерінің шығымдылығы 71 пайызды  құрады.

27-тармақта жасыл аймақтар құру жайы баяндалған болатын. Жоспар бойынша алдын ала әзірленген жобалау-сметалық құжаттар бойынша 4,4 гектар жерге жасыл аймақтар орналастыру үшін 11000 дана ағаш отырғызылу керек. Жоспарды орындау үшін  аудандық бюджеттен бөлінген 5,7 млн теңге қаржы есебінен Қызылорда қаласынан Жалағаш кентіне кіреберіс облыстық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы 12 гектар жерге жасыл аймақ құруға жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті. (сараптама уақыты 15.02.2022 жыл). Жобалаушы мекеме – «Сартөбе» ЖШС.

Жобаның жалпы құны 548,5 млн теңгені құрайды. Жобаны  бюджеттен қаржыландыруға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 17.02.2022 жылы бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін жоба қаржыландырылған  жоқ. Дегенмен, жасыл аймақ құру үшін ауылдық елді мекендерде шаруа қожалықтардың күшімен 11000 дана ағаш 4,4 гектар жергеотырғызылды. Оның ішінде Таң елді мекенінде – 9500 дана, Мырзабай ахун елді мекенінде – 500 дана, Бұқарбай батыр елді мекенінде – 1000 дана. Бір сөзбен айтқанда, аталған бағдарламаның бұл тармағындағы талап та Жалағаш ауданында 2022 жылы 100 пайызға орындалған.

28-тармаққа келсек, онда жасыл аймақ шығымдылығы 65 пайыздан  төмен болмауы керектігі міндеттелген. Ал Жалағаш ауданында жасыл аймаққа отырғызылған ағаштардың шығымдылығы 69 пайызды құрады.

2022 жылғы 29 сәуірдегі  «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Өңірді дамыту» мәселелері  жөніндегі  аумақтық  қоғамдық  кеңес отырысының №1 хаттамасының орындалуының қорытындысы да көңіл көншітеді. Мәселен, І-тармақ бойынша Жалағаш кенті бойынша  көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығының барысында  арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Биылғы  жылы  жаз мезгілінде аяқ су тапшылығы орын алды. Жалағаш кентінде орта есеппен аяқ 10 күнде 1 реттен берілді.

Мұнан бөлек Жалтынов Далдабай   ауылында  аяқ су мәселесі  шешімін таппай отыр. Оның бір себебі,  соңғы  жылдары  Сырдария өзеніндегі су деңгейінің едәуір төмендеуі. Қазіргі таңда жергілікті биліктің қолдауының арқасында бұл мәселе де шешімін тапқалы тұр. Яғни алдағы уақытта Қаракеткен ауылдық округінде су ұңғымасы қазылады. Бұл жұмыстар жүзеге асса, ауыл халқының аяқ суға қатысты басты мәселесі шешімін табатыны сөзсіз.

Биылғы жылы Мәдениет елді мекенін аяқ сумен қамтамасыз етуде  қиыншылықтар орын алыпты. «Қорқытбай» каналына берілген су, бірінші кезекте, күріш дақылын егуге жұмсалған. «Қорқытбай» каналының оң жағалауын  аяқ сумен  қамтамасыз ету үшін  Мәдениет елді мекенін насос қондырғысымен жабдықтау мәселесі бүгінде қарастырылып жатыр екен.

2022 жылғы 7 қыркүйектегі  «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалының  «Өңірді дамыту» мәселелері  жөніндегі  аумақтық  қоғамдық  кеңес отырысының №2  хаттамасының орындалуы да қуантып отыр. яғни бұл бағытта жемісті еңбек бар. Мәселен, аталған хаттаманың 1 тармағы негізінде бүгінгі күнге дейін Жалағаш кентіндегі 18 тұрғын үйге орталықтандырылған газ желісі тартылмай тұр.  Қазіргі таңда газ желісін тартуға жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қажетті қаржы көлемі нақтылануда. Келер жылға қажетті қаржы аудандық бюджеттен сұратылатын болады.

2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін 2 468  тұрғын үй немесе 78 пайызы (үй саны 3164) орталықтандырылған газ желісіне қосылып, табиғи газ отынын пайдалануда.

Мұнан бөлек төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында  Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Жалағаш газ шаруашылығы мекемесі, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, волонтерлер тарапынан әлеуметтік желілерде, сонымен қатар нысандарды, тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізген. Газбен жабдықтау жүйелерін, газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығының объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында, бөлімнің жауапты маманы Қызылорда облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінен тағылымдамадан және  арнайы даярлық қурстарынан  өтті.

 Табиғи газды пайдалану барысында орын алатын  ақауларды дер кезінде жою және  алдын алу мақсатында орталықтандырылған 109 диспетчерлік  қызметі  жұмыс жасауда. Бұл жөнінде аудан тұрғындарына әлеуметтік желілер мен жергілікті газет арқылы хабарланды.  109  диспетчерлік  қызметіне  тұрғындардан қоңырау  келіп  түскен сәттен  бастап, аудандық газ шаруашылығы мекемесі қызметкерлері шақырылған мекен-жай бойынша  барып,  ақауларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, Жалағаш кенті тұрғындарына өз қызметтерін көрсетіп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: