Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 19:55

Мемлекеттік мекемелер коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсайды?

03.04.2024

351

0

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстандағы барлық мемлекеттік мекеме жылына коммуналдық қызметке қанша қаржы жұмсайтынын айтты, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде еліміздегі барлық мемлекеттік мекеме коммуналдық қызметке (жылына) шамамен 30 млрд теңге жұмсайды. Ал барлық мемлекеттік қызметкердің жалақысына (жылына) 1 трлн теңге жұмсалады. Бұл тізімге барлық мемлекеттік қызметкер мен әскери қызметкер енген. Аталған сомаға олардың сыйақысы да кіреді. Оларды көлікпен қамтамасыз етуге нақты қанша қаржы бөлінетінін кейін қарастырайық. 1 трлн теңгеде бұл шығын есептелмеген», – деді Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ министр барлық мемлекеттік қызметкер МӘМС аясында емделетінін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: