Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 11:44

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің ұлттық коды

13.08.2022

1054

0

Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді.

Тілге құрмет отбасындағы тәрбиеден басталады. Тілін сүйетін, ұлтын құрметтейтін азамат тілдің маңызын ұрпағына үйретіп, жадысына тоқуы қажет. Жастайынан сіңірген білім ғана балаға сіңімді. Ендеше ана тілін бала сауатын аша бастағаннан сезініп өскен жөн. Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл тазалығы – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау», – дей келе, ол баланың таным түсінігі қалыптаспай тұрып оның зейінін басқа тілге аударуға болмайтынын айтады. Ұлт көсемдері айтқандай қазақ тілі көркем де әдемі, әуезді тіл. Сол әдемі әуезден айырылмау жолында әрбір азаматқа атсалысу перзенттік парыз. Тілдің мәйегі ұлттың беделі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Ал оған деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден бас­талуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз.
Қорыта айтқанда Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі анықтаушысы, ой бейнелеуші. Мәдениет те, өнер де көркем тілмен кестеленеді. Рухани кемелдену де қазаққа ана тілі арқылы келді.

Рахат АҚҚАСЫНОВ,
Жалағаш аудандық сотының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: