Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:41

Мердігер компания өкілдеріне нысанды уақытылы тапсыру ескертілді

20.07.2023

255

0

Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешені құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаражат қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «СКЗ Инжиниринг» ЖШС ұтып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамағаны үшін өткен жылдың қазан айында талап арыз беріліп, ағымдағы жылдың қаңтар айында соттың шешімімен мердігер мекемеге айыппұл салынып, жұмысты толық аяқтау міндеттелген болатын.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалып тұр. Мердігер компания өкілі сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқандығын және ішкі жұмыстардың аяқталуға жақын қалғандығын айтып, берілген мерзімде жобаны аяқтайтынын жеткізді. Алайда бүгінгі жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында жұмыстың баяу жүріп жатқандығы анықталды.

Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркебұлан Мақсұтов, құрылыс саласының ардагері Әбдіғани Шадаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Уалихан Прманов және аталған құрылыс тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет қала құрылысы мекемесінің өкілдері қатысты.

Жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауды, жұмысшы топ құрамын толықтыруды сонымен қатар, сапалы аяқтауды тапсырды. Бұқаралық спортты дамыту және халықты спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында салынып жатқан бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: