Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:12

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

16.05.2023

576

0

Ішкі істер саласында қажырлы еңбек етіп, кейінгі буынға үлгі болып жүрген Берік Ахметқалиев қашанда отбасында бала тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Жас та болса бұған дейін әр салада қажырлы еңбек еткен ол – бүгінде жеті баланың әкесі. Жұбайы Нұрсәуле Ахметқалиева да кәсіп ашып, жолдасына қолғабыс етіп жүр. Бүгінде олардың балаларының алды үлкен оқу орнын бітіріп, ата-анасының өнегелі жолымен кәсібін дөңгелентіп отыр.

Бекең өсіріп отырған ұл-қызыңның бола­ша­ғынан зор үміт күткің келсе, алдымен оған өзің бағдаршам болуың қажет екенін айтады. Яғни өзіңнің қоғам дамуына бір пайдаңды ти­гізбей келешек ұрпақтан оны күту һәм талап етуді орынсыз деп есептейді.


Полиция майорының бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайында айтып отырған кеңесіне құлақ ассаң, алар тағылым мол. Ол көбіне бар дүниесімен ұл-қыздарын қамтамасыз етіп отырғанды бала тәрбиесі деп түсінетін ата-аналарға наразы. Себебі оның түсінігінде атақ пен абыройдың адал еңбекпен келетінін бала жастайынан санасына тоқуы керек. Ол үшін әлбетте, баланы әуелі еңбекке, оқу-білімге, өнерге баулудың маңызы жоғары.


Биыл Ахметқалиевтер отбасы үшін та­быс­ты жыл болды десек те болады. Орта мектепті жоғары бағамен тәмамдаған Ақ­бо­та Берікқызы еліміздегі жоғары оқу орын­да­ры­ның бірінде білім алуға грант жеңіп алды. Бұған да әкенің ақыл-кеңесі сеп болған се­кілді. Олай дейтініміз Бекең білімсіз қай адам­ның да болашағы бұлыңғыр боларын ұл-қыз­дарының жадына үнемі салып отырады.
Қырық жастағы полиция қырағысының өмір жолы өсіріп отырған кішкентайларына үл­гі. Қазірден ұлдарының алды әскерге ба­рып, Отан алдындағы борышын өтеуге тал­пын­са, қыздарының алды студент атанып отыр.


– Қай уақытта болсын, отбасымды бірінші кезекке қоямын. Себебі отбасын қорғай ал­май мемлекетке қорған боламын деу – бос сөз. Сондықтан әр баламның тәрбиесінде өзім­­нің жауапкершілігімді сезінемін. Шүкір ғой, Құдайдың берген жеті баласы бар. Бұ­йырт­са, сегізіншісін күтіп отырмыз. Жұ­мыста тәртіпке бағынып, адал қызмет ету бірінші ке­зектегі талап қой. Бірақ отбасымда да ба­ла­ларымның алдында боспын деп айта ал­маймын. Рас, кейде қатал да болып ке­темін, балаларымды жастайынан еңбекке баулимын. Себебі абы­­­ройдың барлығы адал еңбекпен келе­ті­нін олар осы бастан сезінуі тиіс. Қазір ба­ла­ларымның алды анасы се­кіл­ді кәсіпкер болуға талпынды және сол мақ­сатына же­тіп отыр. Енді бір ұлым мен се­кіл­ді тәртіп сақшысы болуды армандайды. “Мы­на са­ла­ның жұмысы ауыр, ана салада ең­бек етуге сенің қабілетің жетпейді, осы салада жұ­мыс жаса, қазір пайда осыларда” деп ба­ланың арманына бей-жай қарап, ба­ғы­тын бұ­зуға да қарсымын. Қай балам қай са­лада еңбек етуді қаласа, сол саладағы қиын­­шылықтарды еңсеріп, кемшіліктерді жою­­­­­­­дың амалы хақында кеңесімді беріп, ке­рі­сінше оларды шабыттандырған дұрыс деп ой­­лаймын. Бастысы маған балаларымның бо­лашақта қоғам дамуына өз үлесін қосқаны ма­ңызды, – дейді Ахметқалиевтар отбасының тірегі.
Көпбалалы ана Нұрсәуле Ахметқалиева да қазір кәсіпке бет бұрып, өз ісімен ұл-қыз­дарына үлгі болуды қалайды. Сол мақ­са­тына жетті де. Бүгінде ұлдарының алды іс бас­тап, жеке табысқа кенелудің қыр-сырына қаныққан. Қазіргі таңда Ахметқалиевтер отба­сы­ның тұңғышы Азамат Берікұлы жылқы ша­­руашылығын қолға алған. Шаруашылық шаруасын ширатқан ол бүгінде алдымен мал басын көбейтуге басымдық беріп отыр.
Бұрын ауылда тұрып мал ұстамайтындарға шұқшиа қарайтын еді қоғам. Енді ауылда оты­рып нан сатып алатындар қатары қа­лың­дады. Ал кент орталығында отырып, қорада мал ұстап, оның басын көбейтуге талаптанған бозбаланың бұл ісі көпшілікке үлгі, әрине.
Біз барғанда Ахметқалиевтер отбасын от­басы күнімен полиция майорының әріп­тестері құттықтап келіп жатыр екен. Сол арада пагон таққан көкжиделілерден әріптесі хақында бір-екі ауыз пікір айтуын сұрадық. Олардың сө­­зінше, 10 жылдан астам саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнап, аудандық полиция бөлі­мінде қажырлы еңбек етіп жатқан Бекең жұмыста жауапкершілікті бірінші кезек­ке қоя­ды екен. Яғни қоғам тыныштығын кү­зе­туде басшылық тарапынан артылған се­нім­ге бұған дейін сел­кеу түсірмепті. Міне, мұн­­дай азаматтың от­басынан өнегелі ұр­пақ­тың қалыптасары анық қой. “Балалар бо­ла­ша­ғынан үлкен үміт күту үшін алдымен өзің бағдаршам болуың керек” деп Бекең де сөз басында осыны айтса керек.

Жандас ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: