Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сәрсенбі, 16 сәуiр, 00:57

Мета мен «Қазақстанның авторлық қоғамы» шартқа қол қойды

14.04.2025

162

0

Мета мен «Қазақстанның авторлық қоғамы» РҚБ Instagram және Facebook платформаларында қазақстандық музыканы пайдалану мәселесін реттейтін шартқа қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева айтты.

– Өздеріңіз білетіндей, өткен қарашада көптеген әлеуметтік желі қолданушылары отандық авторлардың музыкасы осы платформалардан жоғалып кеткенін байқады. Шектеулер авторлық құқықты сақтау қажеттілігінен туындаған еді. Халықаралық және ұлттық заңнама авторлармен тікелей немесе олардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен шарттардың болуын талап етеді. Мұндай келісімсіз музыканы цифрлық платформаларда пайдалану мүмкін емес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Осылайша, лицензиялық келісімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы қазақстандық музыкалық шығармалардың қолжетімділігін уақытша шектеуге алып келді, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қатысуымен шетелдік серіктестермен және қазақстандық ұжымдық ұйымдармен музыканы қайтару бойынша келіссөздер жүргізілді. Әділет министрлігі Мета платформасы мен ұжымдық құқықтарды басқару ұйымы арасындағы байланыс қызметін атқарды.

– Атап айтқанда, біз келіссөздер жүргіздік, заңнама нормаларын түсіндірдік, теңгерімді құқықтық шешімге қол жеткіздік. Метамен бірнеше онлайн кездесу өткіздік. Осы кездесулер барысында Мета диалогқа ашықтық танытып, біздің ұсыныстарымызға жедел ден қойды. Бүгін біз келісімге қол қойылғанын хабарлауға қуаныштымыз. Келісімнің қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды. Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы пайдалануды реттейтін Мета және «Қазақстанның авторлық қоғамы» РҚБ уағдаластыққа қол жеткізді. Өткен аптадан бастап контент қайта орала бастады. Мета кәсібилік және сындарлы көзқарас танытты. Компания авторлық құқықты сақтауға және қазақстандық құқық иеленушілердің мүдделерін құрметтеуге дайын екендігін растады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік және кәсіби институттармен серіктестік орнатуға деген ұмтылысын көрсетті, – деді Шолпан Әбдіреева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: