Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:18

Министр қарттар күніне берілетін ақшалай көмектің көлемін жариялады

26.09.2023

438

0

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл екі мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі.

«Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне – 25 қазанда Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», – деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: