Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Жұма, 06 маусым, 19:14

Мониторинг жүргізді

05.06.2025

26

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы әлеуметтік тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан әкімдігімен бірлесе отырып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және кент әкімдігі мамандарымен әлеуметтік осал топтарға берілген тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді.

Зерделеу барысында тұрғындарға «Тұрғын-үй қатынастары туралы заңына» сәйкес берілген үй-жайды мақсатсыз пайдаланбау түсіндірілді. Атап айтқанда, тұрғын үйді жалға беру, басқа тұлғаларға сату немесе бос ұстау жағдайлары тіркелген орайда, бұл фактілер бойынша тиісті заң аясындағы шаралар қабылданатындығы ескертілді.

Партия тарапынан мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Мақсат – шынайы мұқтаж азаматтардың баспанаға қол жеткізуін қамтамасыз ету және әділдік орнату.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: