Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:23

Музей – жәдігерлер мекені

27.09.2022

363

0

Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Тағылымы мол өткен күндерден мағұлмат беретін мәдени орта ол музей екендігі анық. Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен ақылы қоғамдық негіздегі қызметкерлерге Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурция жасау шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлмекен Меңдібаева қатысты.


Тарихы терең музейде өлкеміздің табиғаты, өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін экспозициялық залдар бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берілді. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден қызметкерлер тамаша әсер алып қайтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: