Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 01:56

Назарбаев мектептерінде оқу қымбаттайды

15.01.2024

3133

0

«Ашық НҚА» порталында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеуге арналған ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

«Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңге;

2) жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңгені құрайды», – делінген ұсынылып отырған бұйрық жобасында.

Ал қолданыстағы бұйрық жобасында жатақханада тұру ақысын есептемегендегі жылдық грант құны 2 150 208 теңге, жатақханада тұру бағасын қосқандағы жылдық грант құны 3 036 859 теңге болған.

Бұйрық жобасы 29 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: