Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:30

Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол. Астанадағы вокзалдардың атауы өзгереді

10.01.2024

361

0

Елімізде Астана вокзалдары мен басқа да бірнеше өңірдегі станция атауларын өзгерту жоспарланып отыр. Вокзалдарға ұсынылған жаңа атаулар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

Көлік министрлігі Астана қаласындағы вокзалдарды былай атауды ұсынған: 

«ҚТЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалы – Ақмола филиалы МКҚК «Жүк тасымалы» филиалы Астана вокзалы болып қайта аталмақ.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Ақмола филиалы» МКҚК «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы болып қайта аталсын,  -деп жазылған құжат жобасында.

Қазақстан Республикасының азаматтары атауларды өзгертуге байланысты сауалнама толтырып, пікір білдіре алады.

Қазақстан бойынша атауын өзгерту көзделіп отырған өзге станциялар тізімін мына жерден көре аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: