Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:23

Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды

12.05.2023

378

0

Имам Нұрлан Байжігітұлы «Ырыскелді қажы» атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Имам оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісіп, амандық тіледі.

«Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын!», – деп жазды Нұрлан имам. 

Оқырмандары имамға «Құтты болсын! Иманымыздың кемелденуіне сіздей білімді діни сауатты ұстаздар көп болсын!», «Бұл мешітке кезек болатын шығар», «Құтты,қайырлы ,абыройлы болсын! Елге, халыққа, жастарға берер тәлім-тәрбиеңіз көп болсын» деген секілді жағымды пікірлер ғана қалдырған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: