Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 14 шiлде, 15:11

Нұрлыбек Нәлібаев ғасыр жасаған ардагерге автокөлік кілтін табыстады

06.05.2023

380

0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжановтың үйіне барды. 

Облыс әкімі абыз ақсақалды ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілтін табыстады. 

«Қазақта «қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» дейді. Биыл сіздің 100 жасқа толуыңызбен қатар Ұлы Жеңістің 78 жылдығын да тойлаудамыз. 9 мамырды Ұлы Жеңіс мерекесі десек те, оған жететін жолдың қаншалықты  ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды біз мәңгі есте сақтаймыз. Майдан даласында Отан үшін кеудені оққа тосқан ерліктеріңіз бен қайсарлықтарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз», – деді облыс әкімі.

Ғасыр куәгері Сәрсенбек Байжанұлы береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтып, ақ батасын берді. 

Сәрсенбек Байжанов 1923 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары Сталинградтың Солтүстік  батысындағы Магеллан қаласындағы  шайқасқа қатысқан. Сол жолы көзінен, қолынан, аяғынан жарақат алып, бір жылдай госпитальда емделген. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралады. «Қызыл жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» ордендерімен және Ұлы Отан соғысының 50, 60, 65, 70, 75 жылдық мерекелік медальдарымен  марапатталған. Жұбайы Жәмила Сейітжанқызымен бірге 5 ұл, 6 қыз, 40 немере, 65 шөбере және 3 шөпшек тәрбиелеп өсірген.

Айта кетейік, бүгінде облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

345064295_612102797628402_4230133502136477422_n.jpg
344552545_196766813212513_7882573744660275810_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: